Навигация
 
Уральский государственный экономический университет

 
статистика посещений
счетчик посещений
 
Құрметті студенттер!
2008 жылы қысқартылған бағдарламалар бойынша және/немесе «Өнер» бағытындағы мамандықтар бойынша білім алушы студенттерден басқа күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінің 2 курс студенттері МАБ-тан өтуге міндетті.
[31/01/2008]
Хабарландыру
Қайта өткізілетін конкурс жөнінде хабарландыру РМҚК «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» 90 000 литр көлемінде АИ-80 бензинді және 25 000 литр көлемінде дизель отынын мемлекеттік сатып алу бойынша қайта ашық конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
[21/01/2008] подробнее...
Хабарландыру
РМҚК «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» 121 дана компьютерлерін мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
[10/01/2008] подробнее...
Хабарландыру

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

2007 жылдың 11 желтоқсанында сағ. 14.30-да Студенттер мәдениет сарайында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры профессор Е.Қ. Көбеевтің «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының өсуі» стратегиясының 10-жылдығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 16-жылдығына арналған актілік дәрісі өтеді.

[10/12/2007]
Хабарландыру

5 желтоқсанда сағ. 10.40-та Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ бас ғимаратының 1 кеңейтілген дәрісханасында «Қазақстан – 2030. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әлеуметтік жағдайын жақсарту» даму Стратегиясының 10-жылдығына арналған жыл сайынғы «Қазақстан – менің отаным» 10-шы студенттер коференциясы өтеді.

Конференцияға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың барлық факультеттерінің 1-ші курс студенттері қатысады. Қазақстан тарихының маңызды мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Қатысушлардың баяндамалары қазіргі заманғы мультимедиалық технологиялрды қолдану арқылы дайындалған.

Отан тарихына, оны меңгеруге қызығушылығы бар адамдардың бәрі шақырылады.

Конференцияны ұйымдастырушы – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың баспасөз қызметі.

[05/12/2007] подробнее...
Хабарландыру

30 қарашада сағат 10.00 Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Шаушекова Баян Кырыкбаевнаға ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ тақырыбы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28 үй)

[29/11/2007]
Хабарландыру
2007 жылғы 15-16 қарашада Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен тілдік білім беру саласындағы Халықаралқ ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияны ұйымдастырушы – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМу-дың шетел тілдері факультеті.

Конференция жұмысына ҚР білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаевтың қатысуы жоспарланып отыр.

[14/11/2007] подробнее...
Хабарландыру

6 қараша сағат 15.00-де бас ғимараттың 1 кеңейтілген дәрісханасында бітіруші курс студенттері мен магистранттар үшін Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігі ұсынған айырбас бағдарламаларының тұсаукесері өтеді. Бағдарламалармен Франция Елшілігінің ғылыми ынтымақтастық жөніндегі атташесі Поль Абитболь мырза мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі менеджері Ирина Чубарова ханым таныстырады.

[01/11/2007]
Хабарландыру

7 қараша 11.00, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің конференц-залы

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті экономика факультетінің үш студентіне «Құс Жолы» қайырымдылық қорының стипендиясы тағайындалды. 8 қараша сағат 11.00-де, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ конференц-залнда сертификаттарды тапсыру рәсімі өтеді.

[31/10/2007] подробнее...
Хабарландыру

Әмірова Бибісара Әубәкірқызының 19.00.01 – Жалпы психология, тұлға психологиясы, психология тарихы және этнопсихология және 19.00.05 - Әлеуметтік психология мамандықтары бойынша психология ғылымдарының докторы атағын алу үшін «Тұлғаның әлеуметтену процесіндегі этностық жаңсақ нанымдардың генезисі мен динамикасы» тақырыбына жазылған диссертациясы 2007 жылы 1 желтоқсандағы сағат 10-да Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас ғимарат, №1 дәрісхана) жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД14.50.05 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен жайымыз: 100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас ғимарат, №1 дәрісхана.

Диссертацияның авторефераты Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ сайтынан қорғаудан бір ай бұрын көре аласыздар: www.ksu.kz.

[30/10/2007]

[ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 ]
Қазақша
Русский
English
 
 
Басты | Форумдар | Сілтемелер